Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

О программе

erasmus.png

ЭРАЗМУС+ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Эразмус+ - Еуропалық Одақтың білім беру мен оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жж. арналған жаңа бағдарламасы.

Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Жаңа бағдарлама адами потенциалға салынатын инвестициялар көлемін айтарлықтай арттыруды көздеп отыр. 

 

 o_prog_erasmus.png

Бағдарламаның Халықаралық өлшемі (яғни серіктес елдермен әріптестік) әріптестік мүмкіндігі бар жоғары білімге, жастар саясаты саласына басым көңіл бөледі. Жоғары білім беруде екі бағдарлама (Бірлескен магистерлік дәреже және Жан Моне бағдарламасы) ЕО ішкі бюджетінен қаржыланады. Басқа екі бағдарлама (кредиттік тұтастық және мүмкіндіктерді арттыру)сыртқы әріптестікті дамыту қорынан қаржыланады.

Ағылшын тіліндегі толық ақпаратты мына сайттан көруге болады:

http://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/index_en.htm.