Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

«Көлікті пайдалану, жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және кәсіптік білім» кафедрасы

КАФЕДРАНЫҢ АШЫЛҒАН ЖЫЛЫ-2000 жыл
Кафедра келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:
6М 090100 – Көлікті пайдалану, жол қозғалысы мен тасымалдауды 
ұйымдастыру 
5В090100 - Көлікті пайдалану,  жол қозғалысы мен тасымалдауды 
ұйымдастыру 
5В012000 – Кәсіптік білім 
Осы мамандықтар бойынша студенттердің құқықтық дайындығының негізі: "Білім туралы" Заң, Мемлекеттік стандарт, Типтік оқу ережелері, жұмыс оқу бағдарламалары болып табылады. 
Кафедраның  қызметі әлемдік білім беру кеңістігінің заманауи үрдістеріне негізделген, бәсекеге қабілетті, кәсіби қызметті жүйелі жүргізуге, дамыған аналитикалық ойлау мен креативті қызметтің мәдениетіне ие мамандарды даярлауға бағытталған. 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
«Көлікті пайдалану, жол қозғалысы мен тасымалдауды  ұйымдастыру  және кәсіптік білім» кафедрасы  ректордың 2000 жылғы 25 тамыздағы № 3-Б бұйрығы негізінде ұйымдастырылған және  5В090100 "Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру", 5В012000 "Кәсіптік білім", 6М090100 "Көлікті пайдалану,  жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру" мамандықтары бойынша мамандарды (бакалаврлар, магистрлер) дайындау мен шығаруды жүзеге асыратын университеттің негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 
•кафедра жұмысы 5В090100 "Көлікті пайдалану,  жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру"; 5В012000 "Кәсіптік білім"; 6М090100 "Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру"мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес кәсіби білімі, біліктілігі, дағдысы бар мамандардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. 
МИССИЯ
"Жаңғырту, корпоративтік мәдениетті дамыту, жүйелі әлеуметтік саясат арқылы елдің солтүстік өңірі үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау".
БІЛІМ БЕРУ МАҚСАТЫ – өндірістік қызмет мәселелерін шешуге шығармашылық және жауапкершілікпен қарауға қабілетті кәсіби-құзыретті маманды дайындау.
КАФЕДРА МІНДЕТТЕРІ:
Оқытудың тікелей өндірістік базалармен өзара байланысты  қамтамасыз ету ( «АРНА» жоғары колледжі, «ЭКОПРОМСТРОЙ» ЖШС, «Блэк» ЖШС , Көкшетау қаласының ІІД, «Сейнур» ЖШС , Автобус паркі 1, «Тұлпар» ЖШС ,  «Қамқор»ЖШС)
Көліктегі ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану проблемаларын зерттеу институты ретінде оны одан әрі қалыптастыру
СМЖ, тұтынушылардың талабы мен күтуіне сәйкес білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету;
КАФЕДРАНЫҢ КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ:
Кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, доцент  М.А. Альмуханов басқарады 
 «КПЖҚТҰ және КБ» кафедрасының кадрлық құрамы-4 профессор, 11 доцент, 
14 аға оқытушы, 6  оқытушы.