Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Абай Мырзахметов университетінің «Ақпараттық жүйелер және Информатика» кафедрасы мен ІТ мектеп-лицейінің отырысы өтті

7.11.2019 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің  қабырғасында«Ақпараттық жүйелер және Информатика» кафедрасының қолдауымен   ІТ мектеп-лицейінің оқу ісін жөніндегі орынбасарымен кездесу өтті.

 Кездесудің негізгі мақсаты: Елбасымызыдың жастарды қолдау мақсатында «Жастар жылы»  деп атап, жас мамандарды заман талабынан қалмай, еңбек етуге шақыру. Сол еңбек жолын бастау нәтижесінде университетіміздің студенттері мен ІТ мектептің басшылары арасында байланыс орнату болды. Және ІТ мектептің қазіргі таңдағы жасалап жатқан жұмыстары мен ондағы іс-шаралардың барысын студенттерге түсіндіру еді. Университеттің «Ақпараттық жүйелер және Информатика» кафедрасының ұйымдастырылуымен кафедраның 3-4 курс студенттерін болашақ мамандықтары жайлы ақпарат алмасып, алдағы уақыттарында мектепке келіп іс-тәжірибеден өте алатынын айтып, ондағы талаптарды түсіндірді. Шара барысында кафедраның меңгерушісі Сапарбаев Т.С. сөз сөйлеп, отырыстың ашылуын және  мақсатын түсіндіріді.

 Содан соң ІТ мектеп-лицейінің диреторы орынбасары Кошанова Айгерим Болатовна сөз сөйледі. Сөз басын алдымен ІТ мектептің осы жылға дейінгі жетістіктері мен қазіргі таңдағы жобалары жайлы бастады. Бір жылдың көлемінде алғашқы түлектерінің 25 оқушысы грант иегері екенін атап кетті. Осындай қысқа уақытта үлкен жетістікке жетуі мұғалімдердің білімділігі мен біліктілігінің арқасында екенін қадап айтып кетті. Содан соң осы мүмкіндікті пайдалана отырып университетіміздің студенттерін іс- тәжірибеден өтуге шақырды. Ондағы лабораториялық кабинеттері мен робототехника кабинеттерінің қазіргі заманға сай жасалғаны туралы да сөз қозғады.   Отырысқа барлық кафедра мұғалімдері мен студенттері қатысты. Қорытындылай келе «Ақпараттық жүйелер және Информатика» кафедрасы мен  ІТ мектеп-лицейінің бірігіп жұмыс жасау нәтижесінде біраз нәтижеге жетеріміз анық деп түйіндеді кафедра меңгерушісі.  

001.jpg002.jpg

Жәнібеков М.Б., ақпараттық жүйелер

және информатика кафедрасының оқытушысы.