Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті "Экология, өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" кафедрасы

«Экология, ӨТҚ және ҚОҚ» кафедрасы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің инженерлік-экология факультетінің жетекші кафедраларының бірі және оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.  1.jpgКафедраның қызметі жалпы Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінде оның  алатын орнын көрсететін университет миссиясы мен стратегиясымен анықталады.
Қазіргі уақытта кафедраны биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Макеева Людмила Анатольевна басқарады. 2018-2019 оқу жылы  білім беру үрдісін  32 профессорлық -оқытушылар құрамы,олардың ішінде 6 - доктор, мамандықтар  бойынша 10 ғылым кандидаты және 16 ғылым магистрлері жүзеге асырады. Кафедраның ғылыми  дәрежелілігі  50 % құрайды.
"Экология, өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандығы бойынша  келесі білім беру деңгейлері бойынша дайындық жүргізіледі: бакалавриат, магистратура.   
"Экология, өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау"  мамандықтары бойынша бакалаврларды дайындау ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жалпы, арнайы орта (колледж) және жоғары білім базасында күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Оқытудың нормативтік ұзақтығы:
- Өндірістен қол үзіп-бакалавриат-4 жыл.
- Өндірістен қол үзбей-2 жыл (жоғары білім негізінде), 3 жыл (Тжәне КББ негізінде).Оқуды аяқтағаннан кейін бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.
6М060800 - "Экология" мамандығы бойынша магистранттарды дайындау оқу ұзақтығы – 1 жыл (бейіндік) және оқу мерзімі – 2 жыл (ғылыми-педагогикалық) бойынша  жүзеге асырылады.Бітіргеннен кейін бітірушілерге жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі. 6М073100 - " Экология, өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша оқу ұзақтығы – 1 жыл (бейіндік) және оқу мерзімі – 2 жыл (ғылыми-педагогикалық) жүзеге асырылады. Түлектерге  техника және технология магистрі академиялық дәрежесі беріледі. 

«Экология, ӨТҚ және ҚОҚ» кафедрасының қызметі  

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің "Экология, ӨТҚ және ҚОҚ" кафедрасы 01.11.2014-28.12.2019 ж. аралығында "Зеленстрой" ЖШС-мен шаруашылық келісім шарт жасады. 
"Экология, өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау "кафедрасының студенттері мен магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары жасалды.  Әзірлеген автор: Макеева Людмила Анатольевна-б.ғ.к, доцент.Іске асыру мерзімі-01.12.2014-28.12.2019 ж. 
 Шаруашылық шарттық тақырыпқа сай 5В060800 "Экология" және 6М060800 "Экология", 5В073100 "Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандықтарының студенттері мен магистранттарының ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарына қатысуы: "Қалалық ландшафты көгалдандыру бойынша жұмыстарды ғылыми-әдістемелік және көркемдік-жобалық сүйемелдеу".  АМКУ  экология және көліктің  ғылыми-зерттеу орталығы. Өңірлік даму ғылыми-зерттеу институты: 
I тарау: Қоршаған табиғи ортаның сапасын бағалау. Ақмола облысының әртүрлі өңірлеріндегі топырақты рН-ортасындағы  сутегі көрсеткішін бағалауға зерттеу жүргізілуде.   
II тарау: Сәндік-көркем көгалдандыру. Көкшетау қаласын декоративтік-көркем көгалдандыру бойынша жобаларды құруға, "Зеленстрой" ЖШС-нің көктемгі-жазғы кезеңде  ағаштар мен гүлдер отырғызу жұмысына қатысу.
III тарау: Қалалық экожүйені көгалдандырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу. Ғылыми-әдістемелік тәсіл негізінде атмосфералық ауаның улы заттармен ластануына төзімді ағаштар мен бұталардың тұқымдарын іріктеу жүргізіледі.