Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті "Дизайн және мәдени-тынығу жұмысы" кафедрасы

"Дизайн және мәдени-тынығу жұмысы" кафедрасы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің инженерлік-экологиялық факультетінің жетекші кафедраларының бірі және оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі 1.jpgболып табылады.  Кафедраның қызметі жалпы Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінде оның  алатын орнын көрсететін университет миссиясы мен стратегиясымен анықталады.
Қазіргі уақытта кафедраны Мугжанова Гульнар Сейткасымовна, мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі, сәндік-қолданбалы өнер саласындағы көркемөнер академиясының мүшесі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі басқарады, ғылыми жұмыспен айналысады, бірнеше рет марапаттар мен құрметті атақтарға, грамоталарға, дизайн саласындағы жетістіктері үшін сертификаттарға ие болды, Еуразиялық дизайнерлер одағы (Астана қ.) медаліне ие болды, дизайнерлік өнердегі шығармашылық ерекшелігі үшін медальмен марапатталды, облыстық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы болып табылады.
Қазіргі уақытта "Дизайн және мәдени-тынығу  жұмысы" кафедрасының штатында 18 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 1 ғылым кандидаты, ҚР Дизайнерлер Одағының  5 мүшесі, ҚР Суретшілер Одағының 5 мүшесі, 1 профессор, 1 доцент, 5 мәдениет қайраткері, 1 мәдениет үздігі, 1 мәдениет және 1 ҚР еңбек сіңірген қызметкері жұмыс істейді. "Дизайн" кафедрасының ПОҚ  ғылыми дәрежелілігі 50%, мәдени-тынығу  жұмысы 75% құрайды. 
Жалпы кафедраның ғылыми әлеуеті жоғары және кадр құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
"Дизайн және мәдени-тынығу  жұмысы" кафедрасында келесі білім беру деңгейлері бойынша дайындық жүргізіледі: бакалавриат.  
"Дизайн" және "Мәдени-тынығу  жұмысы" мамандықтары бойынша бакалаврларды дайындау ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жалпы, арнайы орта (колледж) және жоғары білім базасында күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Оқытудың нормативтік ұзақтығы:
– Күндізгі оқу түрі -бакалавриат "Мәдени-тынығу  жұмысы", - 4 жыл,"Дизайн" - (5 жыл).  
- Сырттай оқу түрі  – 2 жыл (жоғары білім негізінде), 3 жыл (Тжәне КББ негізінде). Оқуды аяқтағаннан кейін 5В042100 – "Дизайн" мамандығы бойынша өнер бакалавры академиялық дәрежесі беріледі, «Мәдени – тынығу  жұмысы» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры дәрежесі беріледі; 
"Дизайн және тынығу  уақыт жұмысы" кафедрасында "Жарнамалық-кәдесыйлық өнімдері" (аға оқытушы Г. С. Мугжанова) бастамашыл тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылуда;  "Мәдени-тынығу  жұмысы»  мамандығы студенттерінің жеке тұлғалық өзін-өзі дамытудың  акмеологиялық ерекшеліктері" (аға оқытушы Б. М. Какенов).